$ 524.65  552.19  5.14

Теміртауда әйел қызғаншақ сүйіктісіне пышақ сұғып алды

Теміртаулық 28 жастағы әйел сүйіктісінің ішіне пышақ сұғып алды деп жазады Nur.kz.

Көңілдестердің арасында жанжал туған. Сол уақытта әйел өзіне қол көтерген ер адамның қорлығына шыдамай, оған пышақ сұғып алады. Белгілі болғандай, ер адам әйелдің бетінен бес рет ұрған екен.

Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның жарақатын тігіп, аман алып қалған.

Ал әйел бір ай тергеу изоляторында болған. Ер адам сүйіктісін бостандығынан айырмауды сұрағанымен, сот оны кінәлі деп таныды.
Судья Айдар Михибаев сүйіктісінің денсаулығына зарар келтіргені үшін әйелді 3 жыл бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары