$ 448.56  478.03  4.79

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін Самара-Шымкент күре жолының 308-шақырымында болды.

«Оқиға орнына Теректі аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі барды. 1978 жылғы ер адам сол жерде жан тапсырған. 1965 жылғы ер адамға медициналық көмек көрсетілді», - деді А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан екі адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары