$ 444.22  476.38  4.82

Нұрсұлтан Назарбаев 2 бірдей заңға қол қойды

Қазақстан Респуюликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі бірдей заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ елбасы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары