$ 494.87  520.65  4.91

Air India ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қонуға мәжбүр болды

Air India ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайының баспасөз қызметі.

«Астана уаықтымен таңғы 07:30-да «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына Дели - Чикаго бағытымен ұшып бара жатқан Air India әуекомпаниясының әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі - ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген (астма диагнозы)», - делінген таратылған хабарламада. 

Әйел адамды екі туысының сүйемелдеуімен қалалық № 2 ауруханасына жеткізді. Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған.  «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті. Әуе кемесі Астана әуежайынан 12:03-те Чикагоға ұшып кетті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары