$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте кафеде әйелін пышақтаған ер адамға іздеу салынды

Шымкентте кафелердің бірінде мас ер адам өз әйелін пышақтап кетті. Бұл оқиға 25 қаңтар күні болған деп жазады Еlitar.kz.

Шымкент қалалық ІІД оқиғаны растады.

Кафеге жедел жәрдемді куәгерлер шақырған. Әйел ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалды.

«Әйел қарын тұсынан пышақ жарақатын алған. Ауруханаға өте ауыр хәлде түсті. Оған бірден ота жасалды. Қазір де әйелдің жағдайы ауыр. Ол жан сақтау бөлімінде жатыр», - деді №1 қалалық ауруханасының дәрігері Сәбит Байбосынов.

Анықталғандай, әйел 49 жаста. Күйеуі оқиға орнынан ізін суытқан.

 

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіге іздеу салды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары