Жаңалықтар 29.01.2019 сағат 05:17

Майкл Джексоннан азғындық көрген балалар туралы фильм жарыққа шықты: туыстары наразы

Поп-музыка королі Майкл Джексонның жақындары «Пoкидaя Heвepлeнд» (Leaving Neverland) деректі фильмін сынға алды. Фильмде болжаммен әншінің балаларға деген жыныстық қорлау көрсетілгені жайлы айтылады деп жазады USA TODAY.

Майкл Джексоннан азғындық көрген балалар туралы фильм жарыққа шықты: туыстары наразы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Фильмде көрсетілген жайттар әншінің жанкүйерлерін де таңғалдырды. Төрт сағаттық фильм АҚШ-та 25 қаңтарда кинофестивальда көрсетілді. Фильм Джeймc Ceйфчaк пен Уэйд Poбcoнның айтқан әңгімелерінің негізінде түсірілген. Оларды Майкл Джексонның ең басты құрбандары деп санайды. Әнші оларды «кішкентай достарым» деп атаған. Олар балалық кезінде музыка королімен сөйлескен және оның сексуалдық ойыншықтары болған делінеді.

Ceйфчaк пен Poбcoн балалық шағында болып жатқан жағдайды түсінбеген. Мұның бәрі әншінің ранчосында болған делінеді. Айтуларынша, әнші оларға осы жағдайды ешкімге айтпауын ескерткен және Неверлендке басқа адамдар келетін болса дабыл дыбысы шығатынын ескерткен. Бала кезінде олар Майкл Джексонға сенген және оның танымалдығына сүйсінген. Оған қоса фильмнің режиссері Дэн Рид айтылған әңгімеге сенетінін айтты. Көпшілікке бұл фильм HBO телеарнасында биыл көктемде көрсетіледі.

Музыканттың туыстары фильмнің басты кейіпкерлерін алаяқтар деді. Олар фильм авторларын «әлемге әйгілі әншінің атын пайдаланып ақша табудың жолы» деп мәлімдеген. Олар ақпарат құралдары әншінің жақын туыстары мен достарына сенбей, фильмге сенгеніне өкініш білдірген.

«Майкл және біз оларға әрдайым қарсылық білдіретінбіз, мұндай мәлімдемелерге біз жай ғана қарап отыра алмаймыз», – деді әншінің жақындары.

Оған қоса музыканттың туыстары Майклдың ранчосында 2005 жылы тексеріс жасалғанын және қорытындысы бойынша балаларға ешқандай зәбір көрсетілмегенін айтты.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар