Ақтауда ер адам автокөліктің астына түспекші болды. Осынау сәттегі видео әлеуметтік желіде жарияланды деп жазады lada.kz.
Бейнежазбада ер адам жолда келе жатқан көліктің алдына жүгіріп шыққан. Абырой болғанда, көлік жүргізушісі бұрылыста тоқтап үлгереді.
Ер адамды 25 қаңтар күні ұсталды. Маңғыстау облыстық полиция депаратментінің хабарлауынша, ендігіде ол әкімшілік жауапқа тартылатын болады.
Еске салсақ, кеше ғана Алматыда көліктің астына әдейі түспекші болған ер адам ұсталып қалған болатын.