$ 446.49  475.38  4.79

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

25 қаңтар күні Жетіқара мен Денисов автожолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты деп жазады Alau.kz.

Денисов ауданының 43 жастағы тұрғыны «ВАЗ-2107» көлігімен Денисов ауылына кетіп бара жатқан. Ол тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігіне соқтығысады.

Жол апатының салдарынан қос автокөлікте болған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі уақытта полицейлер жол көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары