$ 448.15  483.46  4.86

Тағы да Түркістанда: 13 жастағы жасөспірімнің анасы ұлының мектеп дәретханасында бірнеше рет зорланғанын айтты

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны 13 жастағы ұлының мектеп дәретханасында бірнеше рет зорланғанын айтты. Былтыр сәуір айында құзырлы органға арыз жазған ана, «ұлым кімдердің зорлағанын көрсетсе де полицейлер қол қусырып қарап отыр» дейді. 

Жәбірленушінің анасы ұлының туғаннан көзі нашар көретінін, соған қарамастан оқу үлгерімі жақсы екенін айтады. Тек соңғы күндері баласының мінезі өзгеріп, сабақтан қашуды шығарыпты. Ұлымен ашық сөйлескен ол баласының ақпан айынан бастап зорланып жүргенін естиді.

Ұлы бір топ жасөспірімнің дәретханада бірнеше рет зорлағанын айтқан. Полицияға шағымданған ана тергеу нәтижелері баланы зорланбады деп шығарды дейді. Құзырлы органнан үміт үзген ол әділдік іздеп Алматыға көшуге мәжбүр болған.

Алматыдағы Аружан Сайынның қорына барып көмек сұраған олар тағы да медициналық тексеруден өтеді. Баланың зорланғаны бұл жолы да анықталады. 

Жергілікті полицейлер оқиға қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабы («Кәмелет жасқа толмағандары зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Алайда анасының сөзінше, мектепке тексеріс жүргізуге ешкім бас сұқпаған. 

Дереккөз: NUR.KZ

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары