Жаңалықтар 30.01.2019 сағат 03:56  273

31 жастағы келіншек басқа қыздардың суретіне «лайк» басқан сүйіктісін пышақтап тастады

Украинада 31 жастағы келіншек бірге тұратын жігітін қызғаныштан пышақтап тастады. Жанжалға ер адамның әлеуметтік желілерде өзге қыздардың фотосына «лайк» басуы себеп болған. Бұл туралы Одесса облысындағы Ұлттық полиция бас басқармасының сайтында хабарланды.   

31 жастағы келіншек басқа қыздардың суретіне «лайк» басқан сүйіктісін пышақтап тастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Зардап шеккен 33 жастағы ер адам Таяу Шығыстан келген шетелдік болып шықты.

Күдікті жауап алу барысында алдымен екеуіне белгісіз біреулер шабуылдағанын мәлімдеді. Дегенмен ол кейінірек жігітін қызғанып, оған дене жарақатын салғанын мойындады деп жазды segodnya.ua.       

Оған қоса айғақ заттар – қан жұққан пижамалар мен асхана пышағы дәлел ретінде алынды.

«Әйел әлеуметтік желілердің бірінде қыздардың фотосына «лайк» басқан сүйіктісін қызғанып, оны пышақтап тастағанын мойындауға мәжбүр болды», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін шешіп жатыр. Ол қасақана ауыр дене жарақатын салды деп айыпталуда.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар