$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде сабаққа бара жатқан студентті пышақтап кеткен

Ақтөбедегі гумманитарлық колледж студенті пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Студент басқа колледждің студентімен жанжалдасып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Колледж директоры бозбаланың үздік студент екенін, төбелесетін бала емес екенін айтады.

«Біздің колледждің математика бөліміндегі 2 курс студенті жарақат алып ауруханаға түсті. Ол төбелесетін бала емес еді. Олимпиадан жүлде алып жүрген үздік студент. Оқиға бала сабаққа келе жатқан кезде болған. Баланың жағдайы жақсы деп естідік», – дейді Ақтөбе гумманитарлық колледжі директорының орынбасары Бибігүл Екібасова.

Зардап шеккен 2 курс студенті Байғанин ауданының тумасы. Бала сабаққа ағасының үйінен шығып бара жатқан.

Дәрігерлер студенттің жағдайын қалыпты деп бағалайды. 

«Баланы бізге жедел жәрдеммен алып келді. Бірден отаға алынды. Жеңіл жарақат деп санауға болады. Іш құрылысы зақымданбаған. Пышақ баланың ішіне, қолына кірген», – дейді хирург Сағидолла Досмағамбетов.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы ҚР ҚК-нің 106 бабымен қылмыстық істің қозғалған.

«29 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 2001 жылғы жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға қатысты 2002 жылғы жасөспірім қолға түсті. ҚР ҚК-нің 106 бабымен іс қозғалды», – деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл өңірдегі бірінші жағдай емес. Бұған дейін Шалқар ауданындағы төбелесте 15 жастағы жасөспірім көз жұмған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары