$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордалық емші Ерболсын көпшілікті сүйіктісімен таныстырды

Қызылорда облысы Арал ауданы Аралқұм ауылдық округында басына үкі тағып, емші боп танылған Ерболсын әлеуметтік желіге сүйіктісімен түскен суретін жүктеді. 

Ақтөбеге анасымен көшіп барып, медициналық колледжге түскен Ерболсын желідегі парақшасына орысша жазба қалдырыпты. 

«Әлемдегі бар әйелдің жүрегі үмітке толы. Оларды райынан қайтару мүмкін емес. Өйткені әйелдер өмірінің соңына дейін 1 адамды сүйіп өте алады», – дейді ол. 

Желі қолданушылары екеуіне бақыт тілеп, көл көсір тілек жазып жатыр. 

Еске сала кетейік, Аралқұмдағы емші Ерболсынға кезінде жер жерден науқастар кеп, аяқтан тұрып кеткен. Бірақ жазылдым деп ойлап, дәрігер берген дәрілерді тоқтатып, қайтыс болғандар да баршылық. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары