Астанада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Қаңтардың соңғы күні желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететіні айтылады.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 31 қаңтарда Астанада күндіз және түнгі уақытта жаяу бұрқасын болады, ал желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола облысында да боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болатыны айтылады.
Еске салайық, мұның алдында синоптиктер елімізде 31 қаңтар - 2 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтқан еді.
Дереккөз: Tengrinews.kz