$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

БҚО-да пышақ жарақатын алған екі ер адам ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі ота кезінде қайтыс болып кетті деп жазады «Мой город».

БҚО Денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, 28 қаңтар күні түнгі сағат 00:38 шамасында белгісіз біреу өз автокөлігімен пышақ жарақатын алған екі ер адамды Жаңғалы аудандық ауруханасына әкелген.

«Екі науқас та пышақ жарақатын алған. Көп кешікпей 30 жастағы жігіт ота жасау кезінде қайтыс болып кетті. Ал 1986 жылғы азамат хирургия бөлімінде жатыр», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Полиция қылымыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 1998 жылғы жігіттің ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша қамау изоляторына қамауға алынған.

Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары