Қостанайда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін сабап, ауруханадан бір-ақ шығарған оқушының әкесі өз әрекетін түсіндірді деп жазады Костанайские новости.
Қызын сабақтан алып кетуге келген әкесі оның көңіл-күйінің түсіп кеткенін бірден аңғарып, не болғанын сұрады. Оқушы мұғалімнің өзіне «Х» әріпінен басталатын былапыт сөз айтқанын жеткізеді.
«Қызым жанындағы сыныптасымен бір қыздың жанында әңгімелесіп тұрады. Сол кезде мұғалімі келіп, «Какого хрена ты здесь находишься?» дейді. Бұны естіген мен дереу мектепке кері керіп, әлгі мұғалімді тауып алып, не үшін боқтайсың десем: «Онда тұрған не бар?» деп қарап тұр. Сосын сабай жөнелдім», – дейді ол.
Бұған дейін 2-сынып оқушысының әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін мектеп ішінде сабап тастағаны жайлы жазған болатынбыз.