01.02.2019, 04:29

Астанада бастауыш сынып оқушыларында сабақ болмайды

Елордада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды деп жазады ҚазАқпарат

«1 ақпан күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық Білім басқармасының мәліметінде. 

Астанада осы уақытта -29 градус аяз. Орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде ауа райының қандай жағдайларында сабақтар тоқтатылатынын еске саламыз.