$ 498.34  519.72  4.85

Пластикалық операциядан кейін ес-түсіз қалған әйелдің туысы көпшіліктен көмек сұрады

Әпкесінің пластикалық операциядан кейін ес-түссіз қалғанын айтқан Алматы облысының тұрғыны көпшіліктен көмек сұрайды деп жазады nur.kz.

Гүлзада Айнағұлованың айтуынша, оның әпкесін Ұзынағаш ауданындағы ауруханаға ауыстырған. Алдағы дүйсенбі күні дәрігерлер науқасты ауруханадан шығарады. Алайда, Гүлнар Айнағұлова әлі де ес-түссіз жатыр екен.

«Соңғы күндері Гүлнар ауырып қалды. Ол пневмония. Соған орай дәрігерлер қажетті дәрілер жазып берді. Егер әпкемді үйге шығарып жатса, онда оның жататын орнын әзірлеу керек», - дейді Гүлзада.

Ауруханадан науқасты шығарғаннан кейін оған қажетті дәрілер мен заттарына 2,5 млн теңге қажет екен.

Гүлзада әпкесінің барлық болып жатқан жағдайды сезіп жатқанын айтады. Туысының әлі де аяққа тұрып кететініне шүбә келтірмейтінін жеткізді. Ол үшін тек жақсы күтім мен ем керек дейді. Сол себептен қажетті дәрі-дәрмектерді алу үшін әйел көпшіліктен қаржылай көмек сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары