$ 448.89  477.93  4.76

Қостанайда 10 жасар баланы такси көлігі қағып кетті

Қостанайда 31 қаңтар күні Баймағамбет пен Нариманов көшесінің қиылысында такси автокөлігі 10 жасар баланы қағып кетті деп жазады alau.kz.

Баланың әкесі Талғат Ермұхановтың айтуынша, оның ұлы мектептке бару үшін жолдың арғы бетіне өткен.

«Біз сол маңдағы ғимараттардың біріндегі бейнебақылау камерасын алып қарадық. Бейнебақылауда такси автокөлігнің ұлымды қағып кеткені анық көрінеді. Оның артынан жүрген ер адам артқа шегініп үлгерген», – дейді Талғат Ермұханов.

Қазір ол облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімінде жатыр. Бала бірнеше жерінен жарақат алған.

Полиция тексеру жұмыстарын жүргізу үшін сот-медициналық сараптаманы күтіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары