$ 446.49  475.38  4.79

Алматы - Дели бағытындағы рейсінде жолаушы көз жұмды

Кеше, 3 ақпанда «Air Astana» әуекомпаниясының Алматы - Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшу алдында өзін нашар сезініп, нәтижесінде билет келесі күнге ауыстырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық аурумен ауырған. Ұшқан кезде өзін өте нашар сезінген. Әуежайға келген медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады», – делінген хабарламада.

Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары