04.02.2019, 08:57

Қостанай облысында құдықтың ішінен өртенген адамның мәйіті табылды

Жітіқара ауданында өртеніп кеткен үйсіз адамның мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Жітіқара қаласында кәріз құдығында матрац жанған. Өрт орнында 90% жанып кеткен мәйіт табылды. Болжам бойынша ол үй-күйі жоқ адам болуы мүмкін. Жынысы анықталып жатыр», - делінген облыстық ТЖД баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, бастапқы болжам бойынша өрт темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдаланудан шыққан.

Дереккөз: ҚазАқпарат