$ 524.65  552.19  5.14

Теміртау тұрғыны сіңлісіне зорлық көрсеткен өгей әкесін өлтіріп тастады

Теміртауда бойжеткен мүгедек сіңлісіне зорлық көрсеткен өгей әкесін өлтіріп тастады. Бұл туралы instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy тобында жарияланды.

Аленаның пәтеріне анасы мен өгей әкесі қонаққа келген. Сол кезде дастархан басында анасы қызына өзінің қиналып жүргенін айтады. Әйел күйеуінің мүгедек қызына зорлық көрсетпекші болған жерінен ұстап алған екен.

«Өгей әкесінің әрекеті қыздың ашуын келтірген. Ол мүгедек сіңлісін қорғамақ болады. Басқа бөлмеде отырған өгей әкесіне барып, оның кеуде тұсына және мойнына пышақ сұғып алған. Ол оқиға орнында бірден жан тапсырған. Сөйтіп Алена ештеңе болмағандай, дастархан басына қайта оралады. Қыз полиция келгенге дейін ешқайда қашпаған. Тіпті қарсылық та білдірмепті», – деп жазылған жазбада.

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Қайрат Қасымов Теміртау тұрғынын кінәлі деп таныды. Ол қылмысы үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары