$ 514.65  544.6  5.17

Маңғыстауда желтоқсаннан бастап 24 адам қызылша ауруын жұқтырған

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін өңірде 35 қызылша ауруына күдікті жағдай тіркелген деп жазады ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  инфекциялық және паразитарлық  ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасованың айтуынша,  24 жағдай зертханалық түрде анықталыпты.

«Аймақ бойынша талдау жасағанда: Ақтау қаласында - 6 жағдай, Жаңаөзен қаласында - 14 жағдай, Түпқараған ауданы - 1 жағдай, Маңғыстау ауданы - 1 жағдай, Қарақия ауданы  - 1 жағдай, Мұнайлы ауданында  - 1 жағдай тіркелді», – дейді Гүлшат Шорбасова.

Ауру жағдайларының 83,3% -14 жасқа дейінгі балалар арасынан анықталған. 

Тіркелген қызылша ауруларының 70,8 % қызылша қарсы екпемен қамтылмаған адамдар  арасынан тіркелді, оның ішінде 50,0% егу жасына жетпеген, егумен қамтылмаған 1 жасқа дейінгі балалар, 8,3% егу деректері белгісіз  адамдар, 4,2% егуден бас тартқан және 8,3% медициналық көрсеткіш бойынша екпе алмағандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары