06.02.2019, 03:15

Вашингтон метросында жарылыс болды

Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады.

«Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі.

News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған.

Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат