Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті күннің қатты суытуына байланысты көшеге шығып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті деп жазады Alau.kz.
«Әулиеата ауданы мен Денисов қаласында 1990 және 1968 жылғы 2 әйел үсік шалып қайтыс болғаны белгілі болды», – деп хабарлайды ведомстводағылар.
Төтеншеліктер тұрғындарға ретсіз далаға шықпауға, балаларды да үйде ұстауға шақырып отыр.