$ 498.34  519.72  4.85

Оралда зейнеткерді өз пәтерінің алдында ұрып, тонап кетті (ВИДЕО)

Оралда 4 қаңтар күні белгісіз біреу Гагарин көшесіндегі №99 үйдің жанында 74 жастағы әйелдің «Homtom HT16» ұялы телефонын алып кеткен деп жазады «Мой город».

Полиция баспасөз қызметінің хабарлағанындай, ер адам егде тартқан әйелдің қолындағы телефонын күшпен тартып алған.

Жедел іздестіру барысында 1981 жылы туған күдікті ұсталған. Ол уақытша изоляторға қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары