$ 448.15  483.46  4.86

Қостанай облысында ер адам өз үйінің алдында үсіп қалды

Оқиға 6 қаңтар күні Меңдіқара ауданында болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасында хабарлайды.

Ер адам өз үйінің алдында үсіп қалған. Ол алкогольдік ішімдік ішіп алған екен.

«Мұндай оқиға Жітіқарада да болды. Оның қолы үсіп қалған. Бірақ ол ем алудан бас тартқан болатын», – деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Еске салсақ, Қостанай облысында осыған дейін 7 адамды үсік шалды.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды күн суықта үйден алыс шықпауға және балаларды мектепке жібермеуді ескертті.

Дереккөз: alau.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары