$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк «Цеснабанкке» қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Цеснабанк» АҚ-тың қаржылық тұрақтылығына байланысты түсініктеме берді деп жазады ҚазАқпарат.

«Үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкі іске асырған шаралар кешені және «Цеснабанк» АҚ-қа жаңа инвестор тарту «Цеснабанк» АҚ-ты қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта банкте Қазақстан Ұлттық банкінің ең төменгі талаптарынан асатын капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері бар. «Цеснабанк» АҚ өтімділігі жоғары активтердің елеулі қорына ие, бұл банкке клиенттер мен кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», - деп атап өтеді О.Смоляков Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған түсініктемесінде.

Оның атап өтуінше, банк міндеттемелерінің көпшілігі банкті қорландырудың тұрақты базасымен қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұны банк облигацияларының депозиттерге арақатынасы көрсетіп отыр. Ол жүйе бойынша 20 пайыздан аспайтын орташа көрсеткіштен бірнеше есе артық.

«Сонымен қатар, «Цеснабанк» АҚ кредит портфелінің құнсыздануынан болған барлық ықтимал шығындарды өтеу үшін жеткілікті сомаға қосымша провизия қалыптастырды. Сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ бұрын Қазақстан Ұлттық банкі ұсынған тұрақтандыру қарызын толық көлемде өтеді. Осылайша, «Цеснабанк» АҚ толық қалыпқа келтіріліп, әдеттегі режімдегі қызметін жүзеге асыруды және клиенттері мен салымшылары алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырады», - деді ол.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары