Стамбулдың Малтепе ауданында алты қабатты тұрғын үй қирады деп хабарлайды РИА Новости NTV арнасы.
Кем дегенде бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, үйінді астында ондаған адам жатқан болуы мүмкін. Құтқарушылар төтенше оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Бастапқы деректерге сүйенсек, қираған үйде 12 отбасы тұрып жатқан.
Дереккөз: Sputniknews.kz