07.02.2019, 11:56

Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасында 1 жасар бала қайтыс болды

Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасында 1 жасар бала қайтыс болды деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 жасар қыз бала ауруханаға кенет сырқаттанып түскен. Оның өліміне белгісіз жағдайда басталған сепсис ауруы себеп болған. 

Сондай-ақ сәби қайтыс болған ауруханада басшылық ауысып жатыр. Сол үшін қайғылы жағдайдың мән-жайы әлі анықталмаған. 

Дереккөз: Lada.kz.