$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Жаңалықтар 08.02.2019 сағат 03:14

Жұма күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жұма 8 ақпан күні Қазақстанның 6 қаласында жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жұма күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Атап айтқанда, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында метеожағдай қолайлы болады. Ал Астана, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Талдықорған және Шымкент қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Ластаушы деңгейдің қалыптасуын анықтайтын маңызды фаторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар