$ 494.87  520.65  4.91

Ана мен сәби 9-қабаттан бірге құлап кетті

Мәскеу облысында сәбиін қолына ұстап 9-қабаттан құлаған ана да, баласы да аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

РФ ІІМ Мәскеу облысы бойынша бас басқармасының мәлімдеуінше, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған. 

«Оқыс оқиға бейсенбі күні түстен кейін болған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Осы келеңсіз жағдайға қатысты тексеріс басталды», - дейді полиция өкілдері. 

Мәліметтерге қарағанда, әйелдің психикалық ауытқуы болуы мүмкін. «Әйелдің өзін де, баласын да өлтірмек ойы болмаған көрінеді. Оның айтуынша, әзәзілден қашып құтылған», - дейді полицейлер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары