$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайда жатақхана өртеніп, ер адам зардап шекті

Қостанайда 7 ақпан күні Қарбекова — 351/2 көшесіндегі жатақханада өрт болды деп жазады alau.kz.

Тілсіз жау жатақхананың екінші қабатын шарпыған.

«Аумағы 20 шаршы метрді құрайтын бөлме жанып кеткен. 27 жастағы ер адамды күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт алудың себеп-салдары анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары