Қостанайда 7 ақпан күні Қарбекова — 351/2 көшесіндегі жатақханада өрт болды деп жазады alau.kz.
Тілсіз жау жатақхананың екінші қабатын шарпыған.
«Аумағы 20 шаршы метрді құрайтын бөлме жанып кеткен. 27 жастағы ер адамды күйік шалды. Ол ауруханаға жеткізілді», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт алудың себеп-салдары анықталуда.