$ 524.65  552.19  5.14

Жамбылда жұбайы мен ұлын бауыздап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Жамбылда отыз жыл отасқан жұбайы мен 29 жастағы ұлын бауыздап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 55 жастағы қылмыскердің психикасында ауытқуы бары анықталып, ол жазадан құтылып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

«Сараптамада  оның есі дұрыс еместігі анықталды. Оны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатып, аталған қылмыстық істі қысқартты. Және ҚК 93-бабының талаптарына сәкес аталған тұлғаны медициналық мәжбүрлі түрдегі шараны қолдану туралы қаулы етті», - дейді судья Ләззат Ілиясова.

Айта кетейік, сотталған азамат ұзақ жылдан бері эпилепсиямен ауырған. Уақытылы емделмегесін оның сырқаты асқынып, жүйкесі тозған.

Дәрігерлерге қаралмаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Ал қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны 30 жыл отасқан әйелі мен 29-дағы баласын бауыздап тастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары