$ 498.51  522.84  4.81

Жүдеп кеткен Анджелина Джоли көпшілікті алаңдадып қойды

Америкалық танымал актриса Анджелина Джоли БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі елшісі қызметінде белсенді жұмыс істеп жүр. Бұл жолы 43 жастағы актриса Бангладештегі мұсылмандар лагеріне барды. Ол жерге Джоли гуманитарлық миссиямен барған, деп жазады Stan.kz.

Анджелина Джоли өз сөзінде мемлекеттегі дағдарысқа назар аударылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ол лагерь тұрғындарына көмек қолын созуға шақырды.

Ал желі қолданушыларын босқындардың жағдайынан бөлек, актрисаны сырт келбеті қайран қалдырды. Желі қолданушыларының дені актрисаның қатты арықтап кеткенін айтып жатыр. Сонымен қатар олар Джолидің аяғы ешқашан мұндай арық болмағанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары