$ 522.42  543.89  5.28

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2019 жылғы 09 ақпандағы АГҚ № 12 дауылды ескертуі негізінде ескертеді!

2019 жылы 9-13 ақпан аралығында Алматы қаласында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты, қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: tengrinews.kz



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары