$ 448.15  483.46  4.86

Астанада тағы 4 бала тірідей жанып кете жаздады

Астанада иіс тиіп уланған төрт бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

9 ақпан күні сағат 21:12-де 101 қызметіне Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақханадағы өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйдегі заттар мен жиһаз отқа оранған. Жалын 10 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер жалынды 21:52-де ауыздықтап, сағат 22:16-да толық сөндірді.

Өртті сөндіру кезінде 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 бала құтқарылды. Бір отбасының  иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді. Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болған. Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары