$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

11 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің 4 қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, ауа сапасының нашарлауы Ақтөбе, Орал, Қарағанды,  Перопавл қалаларында күтіледі.  Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ауаның ластану деңгейін анықтайтын маңызды фаторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары