$ 494.87  520.65  4.91

Өзін пойыз жолсерігі зорлады деген бойжеткен қысым көріп жатқанын мәлімдеді

«Тұлпар-Тальго» пойызында зорлық көрген бойжеткен күдіктілердің туыстары отбасына қысым көрсетіп жатқанын айтады деп жазады Sputniknews.kz.

Өзін күдіктінің туысымын деп таныстырған әйел жәбірленушінің үйіне бала құшақтап келіп, есік қаққан. Подьезге шаққанда оның артынан бірнеше ер адамның бірге келгенін көрген. 

Әйел бойжеткенге арызыңды ал деп ақша ұсынған. Бірақ зорлық көрдім деген ару өзінің пәтері мен автокөлігі бар екенін айтып, шығарып салған. 

Сондай-ақ ол күдіктінің туыстары көшеге шыға салса, торуылдай жөнелетінін де айтады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының көліктік прокуратурасы Астанадан Ақтөбеге бара жатқан «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігіне қатысты әйелді жабылып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары