$ 494.87  520.65  4.91

«Тұлпар-Тальго» пойызында зорлық көрген қыз күдіктілердің туыстары өзін аңдып жүргенін айтты

Астанадан Ақтөбеге бара жатқан «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігіне қатысты әйелді жабылып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Ақтөбе қаласының көліктік прокуратурасы.

«НеМолчиKZ» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс» қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) айтқандай, жолсеріктердің бірінің жақын туысы зорлық құрбанының соңына түскен.

«Бірінші жолы түнде келіп, есігін қағыпты. Жәбірленуші полиция шақырмай, әйел адаммен өзі сөйлесуге шешім қабылдаған. Күдіктілер абақтыға түскен соң туысы тағы келеді, бірақ бұл жолы жалғыз емес. Олар оның жігітін қоршап алып, ал әлгі әйел подъезге кіреберісте жолды бөгеп тұрып алған», — деп хабарлады қоғам белсендісі.

Жәбірленушілердің көршілерінің сөзіне сүйенсек, бұл адамдар әйел жайында сұрастырып білуге тырысқан.

Оқиға туралы 2018 жылдың қарашасында белгілі болды. Жәбірленуші жүрдек пойызбен ғылыми конференциядан қайтып келе жатып, ішінен құлыптаулы купеде ұйықтап кетеді. Жолсерік қызметтік кілтпен есікті ашып, купеге кіреді. Ол ұйықтап жатқан әйелді бас салып, зорлаған.

Содан соң есеңгіреп жатқан жәбірленушіні екінші жолсерік келіп зорлайды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары