$ 449.58  486.94  4.86

Жас кәсіпкер көпбалалы отбасыларға баспана сыйлау эстафетсын бастады

Жас кәсіпкер Жандар Садықов көпбалалы отбасыларға баспана сыйлау эстафетасын бастады. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазып, қалталыларды қайырымдылыққа шақырды. 

Бұндай қадамға пиар үшін бармадым деген кәсіпкер бұған дейін көпбалалы отбасылардың біріне пәтер кілтін табыстауға сөз берген. 

«Эстафетаның негізгі мақсаты адамдарды қайырымдылыққа шақыру. Мен өз уәдемде тұрдым. Сіздер де қайырымдылық жасаңыздар», - деген Жандар Садықов парақшасына көпбалалы отбасымен түскен фотосын жүктеді. 

Еске сала кетейік, Астанада бір үйдің 5 бірдей қызы қайтыс болғаннан кейін Жандар Садықов желідегі парақшасына қалталы азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары