$ 494.87  520.65  4.91

Мұнай нарығы 2016 жылы тұрақталады

Мұнай өндірісінің ең жақсы күндері алда. ОПЕК ұйымының басшылығы осындай пікірде деп жазады LS.

Ұйымның Бас хатшысы Абдалла әл-Бадри 2040 жылы әлемдік мұнайға деген сұраныс тәулігіне 110 млн бареллге дейін артады деп есептейді. Ал мұндай әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін 10 трлн доллар инвестиция қажет.

«Біз ОПЕК-те 2016 жылы мұнай нарығы тұрақталады деп үміттенеміз. Соңғы кездері ОПЕК-ке кірмейтін кейбір мемлекеттерде мұнай қорының қысқарып жатқанын, тиісінше, мұнайға деген сұраныстың артуын көріп жатырмыз»,- деді Абдалла әл-Бадри

Осыған дейін Goldman Sachs  2015 жылдың қазан айында немесе  келесі жылдың наурыз айында қара алтынның бағасы  барреліне 20 долларға дейін төмендейді деп  болжаған еді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада мұнай бағасы 9%-ға өсті. Соңғы үш ай ішінде мұнай бағасының ең төменгі көрсеткіші тамыз айының соңында 43,5 доллар көлемінде болды. Ал маусымда  баға 63,5 долларға дейін жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары