Жарты мыңға жуық адам түрлі жарақат алған, деп жазады 24.kz.
Алайда ресми түрде 97 адамның көз жұмғандығы расталған болатын. Қаза болғандардың арасында бір палестиналық азамат, ал қалғандары Түркия азаматтары. Ел астанасындағы және басқа қалалардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қауіпсіздік қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Анкарадағы темір жол вокзалында белсенділер шеруі кезінде екі жарылыс болған еді. Тергеу амалдары бойынша лаңкестік әрекетті екі жанкешті жасаған.