Өскеменнің 33 жастағы тұрғыны полицияға күйеуінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Полицейлер ер адамның денесін көліктен тауып алды деп жазады YK-news.kz.
Ер адамның жоғалып кеткені жайлы хабар 10 ақпан күні сағат 23:00 шамасында түскен.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 11 ақпан күні 38 жастағы ер адамның көліктен өлі табылғанын хабарлайды. Газдан уланды деген болжам бар.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Өз өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.