$ 494.87  520.65  4.91

Алматылықтар аты аңызға айналған «Қара майормен» қоштасып жатыр

Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында «Қара майор» атанған, ҚР Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Офицерлер үйінде өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді. Одан соң 28 Панфиловшылар паркіндегі Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңында митинг өтеді. 

Аты аңызға айналған қара майордың 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары