$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан Танзаниямен дипломатиялық қатынас орнатты

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Танзания Біріккен Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Модаст Джонатан Меро екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды деп жазады BAQ.KZ.

Қол қойылған құжат екіжақты қатынастарды дамыту үшін негіз жасайды.

Қол қою рәсімі барысында Қазақстан мен Танзанияның тұрақты өкілдері экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастық орнатуға және екіжақты әріптестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға қызығушылық білдірді.

Модаст Джонатан Меро елдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы әңгімеледі. Көпжақты ынтымақтастық шеңберінде дипломаттар БҰҰ күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде терроризмге қарсы күресу, Ұйымды реформалау және Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру салаларындағы ұстанымдардың ұқсастығын атап өтті. Осы және басқа салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық құрылымдарда өзара қолдау көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

Танзания Біріккен Республикасы – халқының саны шамамен 55 миллион адамды құрайтын Шығыс Африкадағы ең үлкен мемлекет. Ресми деректерге сәйкес, елдің Жалпы Ішкі Өнім(ЖІӨ) өсімі 2017 жылы 7,1 пайызды құрады. ЖІӨ-нің төрттен бірі ауыл шаруашылығы болып табылады, бұл экспорттың 85 пайызын құрайды.

Соңғы жылдары халықаралық қаржы институттардың көмегі арқасында Танзания инфрақұрылымдық жобаларды және алтын, темір, алмаз, танзанит деген табиғи ресурстарды белсенді дамытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары