13.10.2015, 05:29

Петропавлда алғашқы қар жауды

Сейсенбі, 13 қазан күні Петропавл қаласында алғашқы қар жауды.

«13 қазанда түнде СҚО-да жаңбыр және қар (қар аралас жаңбыр) жауды. Ауа температурасы түнде -2; -4-ке дейін төмендеді», – деді «Қазгидромет» СҚО бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің басшысы Гүлзат Ғазизова.

Өткен жылы Петропавлда қар қазан айының соңында жауған.

Сол арада синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) жауып, жел күшейетінін ескертеді. Тұман түсіп, солтүстігінде көктайғақ болады, елдің батысында ғана ашық ауа райы күтіледі.