$ 494.87  520.65  4.91

Биыл Қарағандыда 4 емxана ашылады

«Президент емханалардың ашылуына баса назар аударады. Біз бұл мәселемен жіті айналысудамыз және оңтайлы шешім таптық - жеке инвестицияларды тартамыз», - деді аймақ басшысы. 

Өткен жылы облыс орталығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша екі емхана ашылды. Осы жылы дәл осындай схема бойынша тағы төртеуі жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Қарағандыда 300 орынға шақталған заманауи көпсалалы клиника пайда болады, оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. 

Көктемде Теміртау қаласында емхана құрылысы басталады. Жезқазғанда осы жазда аурухана қалашығын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталады. Оның аумағында диагностикалық орталық, тіс емханасы және балалар санаторийі пайда болады. 

Биыл Қарағанды облысында дәрігерлерге 60-тан астам қызметтік пәтер бөлінеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары