Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің күзетшілері жалақыларын көтеруді сұрап, үндеу жасады. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі @qazaqstanda тобында жарияланды.
Кадрда күзетші киіміндегі 5 ер адам өздерінің Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істейтінін айтады.
«Біздің алатын айлығымыз бар болғаны 45 мың теңге. Бұрын да солай болған. Елбасымыздың жалақыны көтеру жайлы мәселесі бізде әлі шешімін тапқан жоқ. 2 тәуліктен істейміз. Еңбек демалысына алатын ақшамыз 25 мың теңге», – дейді олар.
Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев қарамағындағыларға жыл сайын жалақыны өсіру туралы тапсырма береді.