Қостанай тұрғыны жүйке ауруларымен ауыратын күйеуінен зәбір көріп жүргенін айтты деп жазады Alau.kz.
Наталья Евсюкова 1982 жылы күйеуіне тұрмысқа шығарда оның жүйке ауруларымен ауыратын науқастар тізімінде болғанын білмепті.
Күйеуінің ауруы шешесі қайтыс болғаннан кейін асқынған көрінеді. Наталья өзін негізсіз қызғанып, аңдуды шығарғанын айтады. Тіпті бірнеше рет өлтіремін деп сабап та тастаған екен.
«Ол 2018 жылдың 28 қазанынан бері ауруханада жатыр. Туыстарынан мені және менің жақындарымды өлтіретінін айтып жіберген», – деген әйел өз өмірі және туыстары үшін алаңдайтынын айтады.